"Қанымызда бар". Тойдағы жас жұбайлардың "мінезі" көпшілікті таңғалдырды

Фото: Видеоскрин

Tik-Tok желісінде таралған қалыңдық мен күйеу жігіттің адуынды мінезі көпшілікті таңғалдырды."Екеуің де албан болсаң" деген жазумен жарияланған видео 890 мың көрсетілім жинаған. Бейнежазбаның авторы 23 жастағы қалыңдық - Диана Жандос. Бейнежазба авторы бұл туралы TengriLife тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, күйеуі екеуінің мінезі шынымен қызуқанды. Мәселен, тойдағы кадрлардан-ақ олардың іс-шараны қалай бақылағанынан білуге болады.

"Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды", "Көпшілігі албандар жұмсақ деп ойлайды, бірақ біз іске келгенде қаталмыз", "мен де албанмын, мінезім бар", "неге олар сондай, түсіндіріңдерші", "қызуқандылық албандардың қанында бар", "қандай керемет", - деп жазды желі қолданушылары.

@dzhandosovna #рек#рекомендации ♬ Мага - Тимати

 "Біз екеуміз де албанның ішіндегі бір руданбыз. Мінезіміз жағынан қатты ұқсаймыз. Тез ашуланып, тез қайтамыз. Мен үш бауырымның арасындағы жалғыз қызбын, ол үйінің кішісі. Бәрібір албанның қаны ойнайды", - деді Диана. 

Диана тойға көп дайындалғанын айтты. Мысалы, Диананың ата-анасы құдаларын күтіп алу үшін үй саламыз деп шешкен. Құрылысты салған бейнежазбасы 2,7 млн көрсетілім жинап, көпшіліктің талқысына түскен.

@dzhandosovna #рекомендации #рек ♬ оригинальный звук - aalshrv_

"Енді олардың жаңа үйі бар", "оған дейін далада тұрдыңдар ма", "егер қазақтар жөндеу жұмыстарын жасаса, демек оларға қонақ келеді немесе той болады", "иа, бұл үйге жөндеу жасауға керемет мотивация" деп жазды желі қолданушылары.

Диана тұрмысқа шыққан соң мінезінің жұмсарып, басқаша өзгергенін айтты. Ол мұны жолдасы Айболаттың қолдауы мен мейірімі және кез келген мәселенің шешімін табатынымен байланыстырады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы