Оралда ұры аяқ киімінен ұсталып қалған

Оралда ұры аяқ киімінен ұсталып қалған
Фото: "КТК" телеарнасы

Оралда ұры аяқ киімінің ізі арқылы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 желтоқсанда таңертең Зачаган полиция бөлімінің кезекші бөліміне Доспанов көшесінде белгісіз ер адам 47 жастағы әйелдің қолынан сөмкені алып қашып кеткені туралы хабар түскен. 

"Сөмкеде телефон, банк картасы және 6 мың теңге болды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, қылмыскердің ізіне түсті. Ол Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Қызметкерлер оны аяқ киімнің табанының ізі арқылы тапты, із күдіктінің тұрғылықты жеріне дейін алып келген", - делінген хабарламада

Ұрланған заттар жәбірленушіге қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова