"Енем ішіп келіп ұрып-соғатын". Әйел басынан өткен ауыр жайтты айтты

"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі оған басынан өткен ауыр жағдайды айтып, хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хат иесінің сөзінше, енесінен соққы жеген.

"Осыдан 3 жыл бұрын тұрмыс құрған едім. Тұрмысқа шыққанда өте көп психо-эмоционалды жәбір көрдім. Енем мен күйеуімнің және күйеуімнің әжесінің тарапынан қысымшылық кордім. Қазіргі таңда куйеуім үйден қуып жіберді. Ажырасуға арыз беріп тастады, мен де келісіп, заңды түрде қазір ажырасып кеттік. Арада 1 қызымыз бар. Ол үйде тұрғанда, енем ішіп келіп үйден ұрып-соғып қуып жіберетін. Атам мен енем - ішкілікке салынған адамдар. Күйеуім де көп ішеді! Енемнің мені ұрып жатқан видеолары бар. Енем ұрып-соғып үйден қуатын болды. Күйеуім қорғай алмайтын еді. Себебі күйеуімнің өзін маған қарсы койды. Ақыры озі ажырасуға арыз бергізуге көндірді. Солай бір баламен уйден қуып жіберді", - деп жазған ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!