"Мәһр деген жігіттердің соры болды". Танымал журналист қымбат сыйлық сұрайтындарды сынап тастады

"Мәһр деген жігіттердің соры болды". Танымал журналист қымбат сыйлық сұрайтындарды сынап тастады
Фото: instagram.com/moldir_anarbaeva

Танымал журналис әрі блогер Мөлдір Анарбаева мәһрге қымбат сыйлық сұрайтындарды сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Мәһр деген жігіттердің соры болды. Алдымен соны алу үшін еңбегің сіңді ме?! Есеппен байға тиесіңдер ме?! Адам саудасынан қалған өзгенің салтын дәріптемеңдер! Қазақ бала көтерсе, туса әйелді өз сатысымен көтеріп отырған, міне, саған Мәһр! Еркек те адам! "Ол асырасын" деп дінді сылтауратып жатқан да, "өзім асыраймын деп отыр" деп қатынын көлеңкесінен қызғанып жүрген де есалаң! Қоғаммен араласы жоқ әйелдің балалары болашағымыздың соры! Көзі жабық, көкірегі сөнген әйелден бала болғанымен шала болады! Ұрпақ тәрбиелейтін әйел! Үйінен шықпайтын, жұртпен аралас-құраласы жоқ, қараңғы әйелдің баласы да сондай болады. Еркек қана еңбек қылатын заман емес. Қолдан келсе екіжақтау керек. Ал Мәһр сұрап, бір саты жеке дара байып алғысы келетін жас қыздарда бір грамм сезім жоқ! Олар - есеп қуып байға шыққандар! Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ме?! - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары журналисті қолдап, пікір қалдырған. 

"Дұрыс айтасыз, Мәһр сұрауды кейіннен шығарды, бұрын ондай болмайтын", "Бір айтатын адам табылды-ау әйтеуір", "Қайдам ешнәрсе сұрамай-ақ, айлығы төмен жігітке, кредитіне қарамай тұрмысқа шықтым. Кредитке одан сайын кіріп кетпесің деп, той да, қалыңмал да сұрамадым. Бақытты болып өмір сүріп жатырмыз", "Ай, Мөлдіржан, ең өзекті әңгімені қозғадың, жарайсың! Мәһрге әдемі орамал десе де болады-ау", - деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек