ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанда ауа райы құбылмалы болады. 

"Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Жаяу жүрмеңіз, дауылға қатысты ескерту жарияланған кезде, әсіресе түнде шалғай жерлерге бармаңыз. Ауа райына қатысты және тасжолдардағы қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Кез келген оқиға бойынша 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек