Биыл Шымкентте бұралқы иттермен күреске 100 миллион теңге бөлінген

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл иесіз үй жануаларымен күреске жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 16,8 мың бұралқы ит-мысық ауланған.

Қала әкімі үй жануарлары үшін арнайы орын салынып жатқанын жеткізді.

"Бұл қаладағы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бүгінде Шымкенттің сыртында иесіз үй жануарларына арналған орынды (питомник) салып жатырмыз. Алдағы уақытта оның құрылысы бітеді. Онда бір мың орын болады. Жалпы биыл бұл мәселені шешуге жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінді", - деді Ғабит Сыздықбеков ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!