8-сынып оқушысы мектепте атыс шығарып, кейін өз-өзіне қол жұмсады

8-сынып оқушысы мектепте атыс шығарып, кейін өз-өзіне қол жұмсады
Фото: instagram.com/bryansk_official

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. Қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

BAZA Telegram-арнасының мәліметінше, атысты 8-сынып оқушысы шығарған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 "А" сынып оқушысы биология сабағында оқ жаудырған. Ол гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, кабинетке кіріп, оқ жаудырған. Бойжеткен төрт оқушыны жаралап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесінің мылтығынан оқ атқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЧП и ДТП Брянск (@bryansk_official)

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, атыс шығарған 8-сынып оқушысы мектепте қорлық көрген. Бүгінгі қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін, себебі 8-сынып оқушысы ер балаларға оқ жаудырған.

"Бәрі екінші сабақта, биология сабағында. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызбен келісімге келмек болды, бірақ ештеңе шықпады. Алинамен қоса 2 адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды", - деп жазады Mash.

Ескертейік, видеода балағат сөздер бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек