Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам жантүршігерлік жол апатына себеп болды

Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам жантүршігерлік жол апатына себеп болды
Фото: polisia.kz

Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

7 желтоқсанда Ақтөбе-Орынбор автожолының Құрайлы ауылының маңында орналасқан Жібек жолы жанармай құю станциясына қарама-қарсы бетте төрт автокөлік жол апатына ұшыраған.

35 жастағы Toyota Rav-4 автокөлігінің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, ВАЗ-2115 автокөлігінің сүйреуінде болған ВАЗ-2112 автокөлігімен соқтығысқан.

Фото: Polisia.kz

Салдарынан Toyota Rav 4 өзінің қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолаққа шығып, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Toyota RAV 4 және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері Toyota RAV 4 автокөлігінің жүргізушісі бұрын 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина