Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін

Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Видео кадры

Пышақ ұстаған ер адам букмекерлік кеңсе кассиріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында болған. 

Жасы 20-25 шамасындағы бетперде киген ер адам кассирді пышақпен қорқытып, 143 мың теңгесін алып, қашып  кеткен. Ұрлық жасаған күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол қамауда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы "Тонау" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 25 жастағы күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек