Сіз қант диабетінің мына 6 ерекше белгісін аурумен байланыстырмауыңыз мүмкін

Қант диабетінің жиі кездесетін белгілері - салмақ қосу, қатты шөлдеу, жиі зәр шығару, жара. Дегенмен аурудың басқа да танымал емес белгілері бар.

Біріншіден, аурудың бастапқы кезеңінде периодонтит дамуы мүмкін. Бұл ауыз қуысының қабыну ауруы, ол қызыл иек пен тіс тамырларының зақымдалуына әкеп соқтырады.

Периодонтиттің белгілері:

  • қызару;
  • қызыл иектің ісінуі;
  • тісті жуған кезде дірілдейтін болады.

Екіншіден, ауызда жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін, жағымсыз иіс алмұрт немесе алма сияқты шіріген жемістердің иісіне ұқсас болады. Ал кейбір адамдар ауызынан кейде ацетонға ұқсас иістің шығатынына шығамданады. Бұл ауыз қуысында күкірт шығаратын бактерияның көптігіне байланысты болады. 

Үшіншіден, адамның қандағы қант деңгейі жоғарылаған кезде, терінің күйі өзгереді. Адам қанша жерден тазалық ережелерін сақтап жүрсе де, денесінде қоңыр барқыт дақтар пайда болады. Ол көбінесе шынтақ, мойын, қолтық, шап аймағы, сондай-ақ қолдар мен аяқтардың бүгілу сызықтарынан шығады.

Төртіншіден, саңырауқұлақ және жұқпалы аурулар. Мысалы, сыздауық немесе көзіңізге теріскен шығып жүргенін байқасаңыз, бұл қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін. 

Бесіншіден, көру қабілетінің нашарлауы мен аурулары. Ағзадағы қанттың артық мөлшері көздің ұсақ қан тамырларын зақымдайды. Қант диабетіне шалдыққан адамдардың көзінің алдында шіркей секілді мүсін пайда болып, ол бір затқа назар аударуға мұрша бермейді және көру қабілеті нашарлайды. 

Алтыншыдан, есту қабілетінің төмендеуі. Ағзадағы қант деңгейінің жоғарылауы көзге ғана емес, есту қабілетіне де теріс әсер етеді. Ол құлақтың ұсақ қан тамырлары мен жүйкесіне зақым жасайды. Уақыт өте келе мүлде естімей қалуыңыз мүмкін, сондықтан мүмкіндігінше тезірек дәрігер кеңесін алу керек. 

Айта кетейік, бұған дейін қант диабетін аяқтағы қандай белгілерге қарап білуге болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Смузи ішіп, арықтауға бола ма?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!