Еліміздің 12 университеті әлемдік рейтингке енді

QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы аналитикалық агенттік үздік университеттердің рейтингін жарияланды. Тізімге алғаш рет еліміздің 12 жоғары оқу орны еніп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тізімдегі қазақстандық 12 университет :

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ);
  3. Сәтбаев атындағы университет;
  4. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  5. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
  6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  7. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  8. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
  9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
  10. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті;
  11. Қазақ-Британ техникалық университеті;
  12. Нархоз университеті;

"Алдыңғы орында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті иеленіп отыр, ол рейтинг нәтижелері бойынша өңірдегі ең үздік университет болып қана қоймай, әлемнің 500 үздік университетінің қатарына енді. Одан кейінгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ), ол рейтингке қатысқан 700 үздік университеттердің қатарына кіреді. Сондай-ақ Қазақстанның тағы үш университеті рейтингтегі үздік 1000 университеттің қатарына енді, бұл Қазақстанның тұрақты даму ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді", - делінген баяндамада.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!