Қазақстан Иранға мұздатылған ет экспорттайды

Қазақстан Иранға мұздатылған ет экспорттайды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Екі жақты меморандумға 3 желтоқсанда Тегеранда министрдің орынбасары және Иранның ветеринарлық ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл құжат отандық мал шаруашылығының мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық жолдарын ашады. Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын.

Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:

Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

Ирандық сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстан Республикасына импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу туралы.

Қазақстандық тарап ЕАЭО және Қазақстан Республикасы инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстан Республикасына сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар
Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды. 

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz