"Тұманда тұрғандай болған кез". Фариза Төреәлі перзентханадан шыққан сәтін көрсетті

Жақында ана атанған танымал блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында перзентханадан шыққан сәтін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаман диагнозға күдік бар екенін сол кезде естіген. 

"Біз көп аңсаған, елестеткен, арман еткен күн. Бөпетайымызды аман-есен қолға алып, жақындарымызбен қауышу. Алайда бәрі біздер, пенделер, қалағандай бола бермейтіні, тек Алла жоспарымен болатынына тағы дәлел. Жаман диагнозға күдік бар екенін Дархан екеуміз естіп алып шықтық, өзімді емес, бөбегімді ойлап езіліп, отбасыма алаңдап, болашақты уайымдап, өмір жайлы, осы уақытқа дейін жасаған жұмыс, амал бәрін қорыта алмай тұманда тұрғандай болған кез. Қызығы, жақынымыздың көбі ол жайлы білмейтін. Солай не толық қуанарыңды білмей, не тамағыңнан өксік кетпей тұрған сәттер бұл жерде.. Әкетайы бізді ештеңеге қарамастан ерекше күтіп алды. 

Қазір қарап отырсам бәрі артта қалды, шүкір. Өмір жайлы ойландырып, амалдарыма толғануға себепші болған бөпетайым.. Аллаһым еш баланы ата-анасыз, еш ата-ананы баласыз қалдырмасын!" - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін блогер 9 ай бойы жүктілігін көпшіліктен жасырып келгені хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!