Атырауда атыс шығарған бір топ адам ұсталды

Атырауда атыс шығарған бір топ адам ұсталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Атырауда жаппай төбелес пен атыс шығарған бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Төбелескендер ұсталды. Ұсталған бір жігіттен тапанша әркіленді. Полицейлер атыс қаруын қолдану арқылы бұзақылық бабы бойынша тергеуді бастады.

Полицейлер құқықбұзушылық туралы әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Атырауда жастар арасындағы жанжал болғанын анықтаған. Атқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

"Бұл дерек бойынша, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді. 2003 жылғы күдіктіден тапанша тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек