Алматыда отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен ер адам бір апта бойы табылмай жатыр

Алматыда бір апта бойы 34 жастағы жергілікті тұрғын іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kogam_almaty мен LIDER.KZ еріктілеріне сілтеме жасап.

Тимур Попов 29 қарашада жоғалып кеткен. Ол кешкі уақытта отбасылық жанжал салдарынан Назарбаев даңғылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмапты.

Ер адам қара күртеше, көк шалбар, сары етік киген. Бойы - 183 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр, сақалы бар.

Жоғалған адамның жұбайы "Алматы" телеарнасына күйеуінің соңғы рет геолокациясы Талғар қаласында тіркелгенін хабарлаған.

"30 қарашада түнгі сағат 12 шамасында жұбайым Попов Тимур Александрович біз тұратын Медеу ауданындағы үйден шығып кетіп, оралмады. Балаларыммен ұйықтап жатқанбыз, оның кетіп қалғанын білмедік, жоқ екені таңертең ғана, таңғы жетіде анықталды. Достарына, таныстарына қоңырау шала бастадым, қайда екенін ешкім білмеді. Сол күні кешке онымен ағасы, досы телефонмен сөйлесіпті. Олар әдеттегідей сөйлескенін айтты", - деді Алина Попова.

Ер адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адамнан +7-702-712-79-22 нөміріне хабарласу сұралады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз