"Қара қызым" секілді әндерімен танымал Асан Пердеш 2003 жылғы қызға үйленген бе?

"Қара қызым" секілді әндерімен танымал Асан Пердеш 2003 жылғы қызға үйленген бе?
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші, сазгер Асан Пердеш "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өзінен бірнеше жас кіші жұбайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі отау құрғанына биыл бес жыл болыпты.

"Жақсы, Аллаға шүкір, бәрі тамаша (жұбайы - еск.). Жас аралығының үлкен-кіші болғаны біреулер үшін дұрыс емес шығар, мен үшін жақсы. Өйткені жасы кіші болғаннан кейін ол кішкентаймын деп сыйлайды, сен үлкен болғаннан кейін үлкенмін ғой деп ақылға саласың. Айтпай-ақ қояйыншы (жұбайының жасын - еск.)", - дейді әнші алғашында.

Бағдарлама жүргізушілері әншіге "Қара қызым" деген ән сіздің жұбайыңызбен бір мезгілде дүниеге келген сияқты, иә?" деген сұрақ қояды.

"Қара қызым" 2008-де ме, 2007-де ме шыққан. Жоқ, 2008 жылғы қызға үйленбейтін шығармын", - дейді ол.

Жүргізушілер кейін тағы да әншіге "келіншегіңіз 2003 жылғы, демек бес ғана жыл (әнмен арасы - еск.), солай ма?" деген сауал қойып нақтылай түседі.

"Ал жарайды. Аха (солай - еск.). Өзіңіз математикаға мықты екенсіз ғой, есептеп қойыпсыз ғой", - дейді өнер иесі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова