"Асырап алған ба?" Сәбилі болған Фариза Төреәліге желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі сәбилі болғанын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары блогерге түрлі пікір жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тіпті олардың арасында "асырап алған ба?" деген сұрақ қойғандар да бар екен.

"Асырап алған ба", "Жүктілігі байқалмады ғой", "Жаңа бөпе ұстап тұрғанда ойладым, асырап алған ба деп", "Вакумда өсірген болар", "Әр нәрсені ала бермей одан да бала тумайсың ба дейтін пікір жазатындар не айтар екен енді", "Дина сіздерге өз баласын берген жоқ па", "Эко жасатқан сияқты", - деп жазған желідегілер.

Видеодан алынған кадр

Еске салайық, бұған дейін блогер 9 ай бойы жүктілігін көпшіліктен жасырып келгені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз