Әйел ыстық майға су құйып, салдарынан пәтерде "жарылыс" болған

Әйел ыстық майға су құйып, салдарынан пәтерде "жарылыс" болған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ресейде әйел ыстық майға су құйып, салдарынан пәтерде жарылыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

Соққы күшті болғаны соншалық - кіребріс пен ас үйдің есігін, сондай-ақ, әйнектерді зақымдаған. Зардап шеккен адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Бұл төтенше жағдай Екатеринбургте болған.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, 24 жастағы мұғалім кешкі ас дайындап жатқан. Ол электр плитада май қыздырып тұрған, кенет ол өртенген. Осы сәтте әйел жанып жатқан майды сумен сөндіре бастаған.

Сұйықтардың өзара әсерінен жарылыс болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова