Мүгедектігі болған: Маңғыстауда ер адам екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр

Мүгедектігі болған: Маңғыстауда ер адам екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
Фото: lada.kz

Маңғыстауда ер адам екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мен еріктілер 1971 жылы туған Құрбаншаев Қайрат Арықбайұлының жүрген жерін білетіндерден кері байланыс сұрап отыр. Олар 52 жастағы ер адамды әлі де іздеп жатыр.

Жоғалған адам 19 қазанда Қызылтөбе ауылындағы үйінен шығып кеткен. Оның орналасқан жері әлі белгісіз.

"Белгілері: бойы - 165 сантиметр, шашы ақ. II топтағы мүгедектігі бар. Ол қара киім, қою көк шалбар киген", - делінген басылым мәліметінде.

Жоғалған адам туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарлау сұралады.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кеткені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова