"5-сыныптан біргеміз". 5:32 сериалына түскен актер әйелі туралы айтты

"5:32" сериалы арқылы көрерменге кең танылған Қобыланды Болат RevueNews бағдарламасында отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама мәліметінше, актер алғашқы махаббатымен бас қосқан. Ол жұбайымен 5-сыныптан бері бірге.

"Оны (махаббатты - еск.) лаулату үшін шынайы жақсы көру керек. Шынайы болмысын, жан-тәнін сүю керек, сыйлау керек, түсіну керек, қолдау керек", - дейді өнер иесі.

Еске салайық, бұған дейін Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші жұбайы туралы айтқаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!