Алматыда "әдемі контенттің" соңы қайғылы жағдайға айнала жаздады

Қазақстандық Кәмила Ақмолдаева әлеуметтік желіде ерекше контент жасайды. Ол шаңғы теуіп жүріп, әдемі видеолар түсіреді. Оның кейбір видеолары миллиондаған қаралым жинап жатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Дәл осындай видеолардың бірі күні кеше Алматыдағы Шымбұлақта түсірілді. Үлкен шарлары бар әдемі қара көйлек киген қыз шаңғы теуіп келе жатады. Видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарына бірден ілікті – қазірдің өзінде 900 мыңнан астам қаралым жинаған.

Желі қолданушылары жазбаның астына "Өте әсерлі, бірақ қауіпті", "Өте суық қой", "Әдемі" деп жазды.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұның өте қауіпті екенін, өйткені өзге сырғанап жүрген адамдармен соқтығысып қалуың мүмкін екенін айтқан. Себебі Шымбұлақта сноубордшылар мен шаңғышылар өте көп жүреді.

Өкінішке қарай, шынымен солай болды. Кәмиланы сноуборд теуіп келе жатқан жігіт қағып кеткен.

@kamillaakmoldayeva #танцыналыжах #лыжныйспорт #горы #fakesituation⚠️ ♬ Inst автора rustam_khakimov_singer - ?????????????

Ал қуанышқа орай, ол ауыр жарақат алмаған. Кәмила осы оқиғадан кейін берген сұхбатында аяғын аздап ауыртып алғанын айтты. Оның үстіне, ол жуырда жаттығу залында иығын та жарақаттап алған көрінеді, сондықтан енді қашан шаңғы тебетінін әзірше өзі де білмейді. Алайда оның бұл спорт түрін тастайтын ойы жоқ. Кәмила шаңғыны алғаш 2018 жылы тепкен, содан бері бұл спортсыз өмірін елестете алмайды.

"Бұл спортқа деген құмарлықты сезінген соң, одан ешқашан бас тарта алмай қаласың. Бұл өмір салтына айналып үлгерді", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз