Тоқаев ақтөбелік оқушылармен әңгімелесті

Тоқаев ақтөбелік оқушылармен әңгімелесті
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбеде жеке инвестициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барып, оны аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNationkz білім беру жобасымен танысты.

Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр.

Бүгінде мектепте 3 600 оқушы білім алып жатыр. Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан