Алматы студенттері онлайн оқуға көше ме? Министрлік жауап берді

"Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл Алматы студенттеріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ-дағы брифингте журналистердің бірі "Алматы студенттері сессияларын онлайн режимге ауыстыруға өтініш білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, араларында қызылша жұқтырып, қызуы көтеріліп ауырып жатқан адам көп екен. Денсаулық сақтау министрлігі сол мәселені біліп отыр ма?" деп сұрақ қойды.

"Алматының жергілікті департаменті және Денсаулық сақтау басқармасы мектептегі балалар, оған дейінгі және студенттер арасында күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Алматыдағы 17 жоғары оқу орнында 68 адам қызылша жұқтырып отыр. Демек бір жоғары оқу орнында 2 студент ауырған деген сөз. Сондықтан қызылшаның жаппай таралуы сынды оқиға тіркелген жоқ", - дейді Манар Смағұл.

Оның айтуынша, ауру көбіне 1-2 курс студенттерінің арасында таралып жатыр.

"Бүгінгі таңда онлайн оқуға көшетіндей негіз жоқ", - деп жауап берді ол.

Жасұлан Ордабаев 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз