Салтанат Нүкенованың анасы жантүршілерлік оқиғадан бір күн бұрын қызынан үйге қайтуын сұраған

Салтанат Нүкенованың анасы жантүршілерлік оқиғадан бір күн бұрын қызынан үйге қайтуын сұраған
Фото: instagram/_salta_n

Салтанат Нүкенованың анасы сұмдық боларын сезіп, қызын құтқарғысы келген. Бұл туралы марқұмның кіндік шешесі Мәрзия Оспанова "Көреміз" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәрзия Оспанованың сөзінше, Салтанаттың анасы жантүршілерлік оқиғадан бір күн бұрын қызынан үйге қайтуын сұраған.

"5-6 қарашада Салтанаттың ата-анасы Астанаға келген. Бәрі кездесіп, жақсы көңіл-күйде болатын. Бірақ анасы сәрсенбіде Павлодарға кетіп бара жатқанда, Салтанатты шақырып алып, "Салта, менімен бірге үйге қайтасың ба?" деп сұраған, Салтанат "жоқ, мен қаламын, менде бәрі жақсы" деген. Ал келесі күні осындай жағдай болды (Салтанат қайтыс болды - еск.)", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә