Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзіне сыйлық беруге тыйым салды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзіне сыйлық беруге тыйым салды
Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шенеуніктерге туған күніне сыйлық беруге тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін - президент Садыр Жапаровтың мерейтойы, бірақ ол сыйлық беруге тыйым салды, ол - өте қарапайым адам", - деді бүгін баспасөз мәслихатында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов.

Оның айтуынша, осыдан үш жыл бұрын, яғни 2020 жылғы қазанда Садыр Жапаровтың билікке келуі туралы екіұшты сөз айтылған. Көптеген саяси орта мен халықаралық ұйым оның президент болатынын күтпеген. Оны қарапайым халық қана қолдады.

Байсалов "президент "тарихи ауқымда" қайта құру жүргізіп, елдегі жағдайды барлық жағынан толығымен өзгерте алды" деп қосты. Оның айтуынша, мемлекет басшысы реформаларды жалғастыруға ниетті.

Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген, Қырғызстан президенті 55 жасқа толды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек