Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде аяз болады

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде аяз болады
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде аяз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суық солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина