"Үнсіз қалуды шештім". Танымал актриса митингіге шыққан соң қандай жағдай болғанын айтты

"Үнсіз қалуды шештім". Танымал актриса митингіге шыққан соң қандай жағдай болғанын айтты
Фото: фотоскрин

Танымал актриса Айнұр Ілиясова AdminAnon бағдарламасында бір кездері митингіге шыққаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұған себебі болған.

"Митингіге шығуымның себебі болды. Күйзелісте жүрдім. Пәтер жалдап жатырмыз. Ақша жетпейді, доллар бағасы көтеріліп жатыр. Фейсбукте де белсенді едім. Сол жақтан "ертең митинг" дегенді көріп шыққанмын. Бірақ митингтегілерді көріп, таңғалдым. "Біздің мемлекет осы ма, бұл жерге жаман нәрсе айтуға келген жоқпын ғой" деген өксік болды. Қатты күйзеліске түсіп,  сол күні ерте жатып қалғанмын. Таңертең тұрсам, телефоным "жарылып" жатыр. Маған тіркелген жандардың саны өте көп. Журналистер "сұхбат алсақ" деп жатыр. Бәрі менің фотомды салып жатыр. Шынымды айтсам, қорқып қалдым. Мен танымал адам емеспін, артымда "әкетай", "көкетайларым" жоқ. Ертең бұрап әкетсе, артық айтып қойсаң, карьераңа кесірі тиеді ғой. Оның үстіне анам хабарласып, "тыныш жүрші" деп жатыр. Сөйтіп, үнсіз қалуды шештім. Бірақ, қысым болмады. Сөйтіп, ол оқиға да басылды", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы