Елімізде шырша кескендерге қанша айыппұл салынады?

Елімізде шырша кескендерге қанша айыппұл салынады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жаңа жылдың негізгі символы - шырша. Алайда мерекеде үйін заңсыз кесілген қылқанжапырақты ағашпен безендіргісі келетін адам аз емес. Massaget.kz тілшісі шыршаны заңсыз кескендер қандай айыппұл арқалайтынын анықтап көрді. 

Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабы "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бойынша:

  • Орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау - жеке тұлғаларға - 50 (172 500 теңге - еск.), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 150 (517 500 теңге - еск.), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 (690 000 теңге - еск.), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 500 (1 725 000 теңге - еск.) мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • Орман қорындағы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау - жеке тұлғаларға - 100 (345 000 теңге - еск.), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 300 (1 035 000 теңге - еск.), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 (1 380 000 теңге - еск.), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 (3 450 000 теңге - еск.) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 

Сондай-ақ, заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және осы бұзушылықтарды жасауға құрал болған тәртіп бұзушының басқа да заттарын тәркілеумен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы Жаңа жылға қалай және қашан безендірілетіні айтылған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек