60-тан аса шырша орнатылады: Алматы Жаңа жылға қалай және қашан безендіріледі?

60-тан аса шырша орнатылады: Алматы Жаңа жылға қалай және қашан безендіріледі?
Фото: Әлихан Сәриев

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қала Жаңа жылға орай қалай және қашан безендірілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкім орынбасарының айтуынша, шыршалар, ертегі кейіпкерлерінің фигуралары және мерекенің басқа атрибуттары желтоқсанның ортасында мегаполис көшелерінде пайда болады. Дизайн бойынша негізгі жұмыс желтоқсанның ортасында басталады.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Арман Қырықбаев ұзындығы 20 метр болатын жаңа жылғы басты шырша Абай атындағы алаңда орнатылатынын айтты. Оны салтанатты түрде 20 желтоқсанда жағылып, мерекелік концерт 20 желтоқсанда өтеді.

"Барлық тілек білдірушілер оған қатыса алады. Жалпы, Жаңа жылда қалада 60-тан аса шырша орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді - бұл жаңажылдық қысқы фестиваль, түрлі шеберлік сыныптары, жас суретшілердің сурет көрмелері, аниматорлар бағдарламалары, концерттер және мобилографтар арасында жаңажылдық үздік бейнероликтерге арналған байқау. Алғаш рет туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып алуға болатын аудандарда жаңажылдық жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Аяз аталар шеруі өтеді", - деп хабарлады А. Қырықбаев.

Жыл сайын ШОБ, ірі сауда орталықтары және басқа да субъектілер жаңа жылдық безендіруге белсенді қатысады.

Қаланы безендіруде жарық композицияларының бірыңғай стильде болуына басты назар аударылады. Жаяу жүргінші көшелері (Панфилов және Жібек жолы), Абай және Астана алаңдары, Тұңғыш Президент саябағы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының, Н. Сац атындағы жасөспірімдер театрының, "Алматы арена" мұз кешенінің алдындағы алаңдар, сондай-ақ, әрбір аудандағы тартымды нүктелер инсталляциялармен, иллюминациялармен және фото-аймақтармен безендіріледі.

Арман Қырықбаев жаңа жылдық безендіру кезінде пайдалануға жарамды былтырдан қалған конструкцияларды пайдалану жоспарланғанын атап өтті.

Ал жаппай сырғанау үшін қалада 22 ашық мұзайдыны ұйымдастырылады. Ашық мұзайдындарының аумағында спорттық-ойын-сауық бағдарламаларын, конкурстарды, флешмобтарды, жүлделермен ұтыс ойындарын, демалыс аймақтары мен кофе-пойнттарды ұйымдастыру жоспарланған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек