"Қалай жасалғанын айтайын ба?" Ерке Есмахан сәбиіне дайындалған бөлмені безендіру үшін қанша ойыншық кеткенін айтты

"Қалай жасалғанын айтайын ба?" Ерке Есмахан сәбиіне дайындалған бөлмені безендіру үшін қанша ойыншық кеткенін айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан екінші ұлы Исламға дайындалған бөлме туралы қызық дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ұлының бөлмесін әрлеуге 130-140 ойыншық кеткен. 

"Қонжықтар қабырғада ілініп тұр. Осыны жасайтын кезде "ертең үйге келген қонақтарға бір-бір қонжықтан жұғысты болсын" деп таратамыз деп ойлағанбыз. Міне, сол күнге де жеттік. Мына бұрыштағы ойыншық аюларды таратып бастадық. Қалай жасалғанын айтайын ба? Осындай Д ағашқа шеге бұрады, сосын аюдың мойнындағы лентаны шегеге айналдырып, папасы ерінбей жасады. Ал таратамын, керек болса жазыңыздар", - дейді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ата-ана атанып, ұлдарына Ислам деген есім қойғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек