Қазақстанда мемлекеттік басқару және қорғаныс саласы қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы және сондай ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 299,7 мың теңге болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 20,2 пайызға көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ бойынша, осы сала мамандарында ең көп жалақы Астанадағы қызметкерлерде - 478,1 мың теңге. Екінші және үшінші орында Алматы қаласы (322,5 мың теңге) және Қызылорда облысы (317 мың теңге). 

Осы саладағы ең аз жалақы Жетісу облысының (247,9 мың теңге), Абай облысы (254,3 мың теңге), Жамбыл облысы (258,2 мың теңге). 

Қызмет түрлері бойынша сектордағы ең жоғары жалақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметкерлерінде байқалды: 875,9 мың теңге. 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік басқару және қоғамның әлеуметтік-экономикалық саясатын басқару саласында көрсеткіштер әлдеқайда төмен болды: 299,9 мың теңге. 

Мемлекеттің қоғамға қызмет көрсету саласында жалпы орташа айлық жалақы 296,4 мың теңге. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!