"Менің дауысым емес". Қайырымдылықпен айналысатын қара бетперде таққан жұмбақ жігіт халықты сақтандырды

"Менің дауысым емес". Қайырымдылықпен айналысатын қара бетперде таққан жұмбақ жігіт халықты сақтандырды
Фото: әлеуметтік желіден алынған кадр

Қайырымдылықпен айналысып жүрген қара бетперде таққан жігіт халықты сақтандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алаяқтар көбейіп кеткен. Тіпті олар жасанды интеллект арқылы дауысын да жасап алған.

"Алаяқтар!!! Бұл менің дауысым емес. Күннен күнге біздің атымызды қаралағысы келетін алаяқтар көбейіп бара жатыр. Байқау, тағы басқа дүниелермен айналыспайтынымызды сіздерге ескерткім келеді. Жасанды интеллект арқылы менің дауысымды жасап, жарнама жасап жіберген. Тиктокта да тағы бір алаяқ шықты. Өздерінің шоттарын қойып, біздің видеоларды жариялап жатыр. Сақ болыңыздар", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киген жұмбақ жігіт екі жұмыс істейтін жалғызбасты анаға көлік сыйлағаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова