Информатика сабағында оқушылар суицид туралы сайтқа кіруі мүмкін - прокуратура

Информатика сабағында оқушылар суицид туралы сайтқа кіруі мүмкін - прокуратура
Фото: © Pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылар білім беру мекемесі қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған контенттерге еркін қол жеткізгені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кәмелетке толмағандардың суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі болғаны. Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектептің директоры тартылды", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет сайттарға кіруге шектеулер қойылыпты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова