"Тұра алмай жатып қалдым". Гүлзира Айдарбекова кімдерге қатты алданғанын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова дүкен ашқан кезде қандай жағдайға тап болғанын еске алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қытайға барған кезінде қатты алданып қалған.

"Біраз жыл бұрын естеріңізде болар, КН брендін ашқан болатынмын. Алғашқы кезде қатты алдандым. Бірінші Қытайға ұшып, Пекинге барып ең сапалы заттарды тапсырыс беріп, маталары жақсыларын, қымбаттарын таңдап, солардан тапсырыс беруді сұрадық. Қытайда жүріп ең сапалы тауарларды таңдадық. Бағасына қарамадық. Себебі басты мақсат абыройымызға нұқсан келтірмеу әрі ең басынан бастап мықты өнімдерді Қазақстанға әкелу болды. Бірақ олар бізге салған кезде барлығы өте нашар маталардан тура солай етіп тіккен. Мысалы, мен 5000 теңгенің матасын алсам, олар 200 теңгенің матасын тіккен ғой. Ананы көріп жүрегім ауырды. Сол уақытта ішім өртеніп бара жатқандай орнымнай тұра алмай жатып қалдым. Өйткені Қайраттың қаншама абыройы. Ана ақшаның барлығы жайдан-жай келген жоқ. Күні-түні тынбай демалыссыз қара тер еңбегімен келген ақша. Туған анасы емеспін бе, елге не деймін, ұлымның бетіне қалай қараймын деген ойлармен мазасыз күй кешіп, тұра алмай жатып қалдым", - деп жазды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!