Астанада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды

Астанада жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Иә, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана бойынша департаменті ШЖҚ "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК басшысын ұстағанын растаймыз", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!