Қар жауған кезде жүргізушілер жасауға болмайтын 5 нәрсе

Еліміздің оңтүстігінен өзге өңірлерде қыс қатты болады. Әсіресе қардың қалың жаууы көлік жүргізушілеріне қиындық тудыратыны анық. Темір тұлпар тізгіндегендерге қарлы боранда жолға шықпау ең дұрыс шешім. Алайда күйбең тіршілікпен асыққан адамдар үйінде отыра алмасы анық. Ал көлігімен көшеде жүйткіп жүретін, алыс жолға шыққанда ескертуді елемейтін жүргізушілер қар қалың жауғанда қандай ережелерді сақтауы керек?  Massaget.kz тілшісі біліп көрді. 

Көлігіңізде нашар резеңке мен өзге де проблемалар болса жолға шықпаңыз

Жазғы шиналармен, істен шыққан жарықшамдармен, ескі тазалағыштармын, зақымданған тежегіштермен жолға шығу өте қауіпті. Сіз өзіңізге, жолаушыларға және жол қозғалысының барлық басқа мүшелеріне қауіп төндіресіз. Темір тұлпарды қысқы ауа-райына алдын ала дайындап алыңыз. 

Сіз жаздағыдай жүре алмайсыз

Асфальт пен қарда жүру стилі мүлдем екібөлек. Біріншіден, арақашықтықты сақтаңыз. Екіншіден, түрлі маневрлер туралы ұмыту керек. Үшіншіден, көлік қауіпсіз тоқтауы үшін тежегішті ертерек басу керек. Қиылыстың алдында және бұрылыстарда қатты жылдамдықпен келе жатып тоқтаудан аулақ болыңыз. Бірқалыпты жылдамдықпен тайғақ жолда қар құрсауынан аулақ боласыз. 

Жылдамдықты асыруға болмайды

Қысқы мезгілде жылдамдықты ақылға қонымды шекте ұстау керек. Тым жоғары жылдамдықта жүргізуші өте тез реакция білдіруі керек. Сол себепті көлік жүргізуді жолдағы нашар жағдайларға бейімдеген абзал.

Қозғалтқышы қыздырмай, көлікті қардан тазаламай жүрмеңіз

Қыста алдымен көлікті қардан тазартып, тұманды терезелерді сүрту керек. Көліктің айналасын мұқият шолып шығыңыз. Бақылау тақтасында қозғалтқыштың қысымы көлік жүрмей тұрған кезде де жоғары болады. Бұл кезде дөңгелектің астына мұз қатқан болса қозғалу қиын. Қозғалтқышты тежеу де мүмкін емес. Сондықтан көлік маторын 80-90 градусқа дейін жақсылап қыздырыңыз. 

Қажетті жабдықтарсыз алыс жолға шықпаңыз

Форс-мажорлық жағдайларға алыс жолға шықсаңыз болады. Алайда көлігіңізде күрек, терезе қырғыш, тросс, өзге көліктің аккумуляторына жалғайтын сымдар, авариялық тоқтату белгілері болуы керек. Өзіңіз үшін тағы бір жылы куртка, ыстық сусын термосы, телефонға арналған Power bank алыңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!