Жамбыл облысының әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Еліміздің аграрлық секторында Жамбыл облысының маңызы жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, оның ішінде қайта өңдеу бағытында жұмыстарды күшейтуге айрықша басымдық беріліп жатыр", - деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға биыл өңірде субсидиялар ретінде 25,1 миллиард теңге бөлінген. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға 1,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын, 552 шаруа қожалығына - жоғары өнімді тұқым сатып алуға мүмкіндік берді.

Облыстағы ірі қара мал басы 5,8 пайызға (521 мың бас), қой - 9,8 пайызға (3 593 мың бас), жылқы – 9,7 пайызға (181 мың бас) артса, ет өндірісінің өсімі 3,6 пайыз (108 мың тонна), сүт – 1,4 пайыз (294 мың тонна).

ҚР Үкіметінің төтенше резервінен бөлінген қаражат шеңберінде суармалы су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруалардың шығындарын өтеу бойынша 358 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы 2,7 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы саласында құны 8,6 миллиард теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде 159 жаңа жұмыс орнын құрылатын болады. Бүгінде төрт жоба іске қосылған. Жалпы, бұл жобалар көкөніс қоймаларының қуаттылығын 41 мың тоннаға, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын 7 мың тоннаға, ет өндірісін 7,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Биылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 535 миллиард теңгеге дейін жетеді деп күтіледі. 

Өз сөзінде Ербол Қарашөкеев "Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы да тоқталып өтті. Жалпы, 2019-2022 жылдары 18,3 миллиард теңгеге төрт мыңға жуық жоба қаржыландырылды.

Биыл аталған жоба аясында облыстың 10 ауданының 38 ауылдық округіне 24 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 18,9 миллиард теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Ал 2024-2025 жылдары 91 ауылдық округте 45 миллиард теңгеге 17 мың жоба несиелендіріледі деп күтіледі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!