Каспий теңізінің жағасынан сирек кездесетін ерекше тасбақа табылды

Каспий теңізінің жағасынан сирек кездесетін ерекше тасбақа табылды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны ерекше тасбақаны кезіктіріп қалған. Бауырымен жорғалаушы Сайын Шапағатов ауылының маңында табылған. Ер адам тасбақаны айналдырған кезде ол суға  қарай жорғалап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Магомед Кумыков желтоқсанда Каспий теңізінің жағалауынан тірі тасбақаны тауып алған. Оның сөзінше, тұрғын тасбақаны бұл аймақта алғаш рет көріп тұр. Ресми деректер бойынша, бұл аймақтарда тасбақа болмайды.  

"Сырттай қарағанда өлі жатқан секілді болды. Оны айналдырған кезімде жыбырлай бастады. Тасбақа бірден мойны, табаны мен құйрығын соза жөнелді. Мен оны теңізге қарай жақындатып едім тасбақа асықпай суға қарай жүріп түсіп кетті. Әдетте бұл уақытта олар "ұйқыда" жатады. Олар бұл аймақта өте сирек кездеседі дегенді оқыдым", - дейді Магомед Кумыков. 

Алматы зоологиялық паркі КМҚК" Экзотариум " бөлімінің басшысы Александр Гурнев тұрғын түсірген видеоны зерттеп, өз қорытындысын жасады.

"Видеода еуропалық батпақты тасбақа болуы мүмкін. Иә, расында Сайын Шапағатов ауданында бұл тасбақалар жоқ. Бірақ тасбақаның бұл түрі Каспий теңізінің солтүстік жақтарында, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысында кездеседі. Ол ауданда тасбақаның қайдан пайда болғанының себебі көп болуы мүмкін. Олар кездейсоқ кеме құралдарының көмегімен әкелінуі мүмкін, адамдар үй жануарларын үй жануарлары ретінде ала алады, содан кейін оларды үйде ұстай алмай босатып жіберген болуы мүмкін", - дейді Александр Гурнев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина