Сіз білмейтін көліктегі құпия 6 батырма

Сіз білмейтін көліктегі құпия 6 батырма
Фото: Massaget.kz \ Коллаж

Әрбір көлікте жүргізушілер жиі білмейтін қосымша мүмкіндіктер бар. Әдетті бұл батырмалар жылжымалы нұсқаулықтағы "қосымша" бағанында көрсетілген. Алайда көп жүргізушілер бұл батырманы біле бермейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Shift Lock Release - беріліс қорабынның "құлпын" алып тастау

Бұл батырма көлігіңіз өшіп тұрған сәтте селекторды  N немесе R режимдеріне ауыстыру қажет болған жағдайда қолайлы. Яғни автоматты беріліс қорабы қозғалтқыштың іске қосылуына қарамай ауыса береді. Ал бұл батырмасыз селекторды ауыстыра алмайсыз. 

Valet - дабылды өшіруге арналған батырма

Жасырын Valet түймесі - дабыл беру жүйесін өшіріп, кілт көліктің салонда қалса да иесіне кіруге мүмкіндік беретін батырма

Жолаушының алдыңғы қауіпсіздік жастығын айыруға арналған батырма

Бұл батырма жол көлік оқиғасы бола қалса жаныңызда жолаушының қауіпсіздік жастығының атылып кетпеуіне жауап береді. Мәселен балалар креслосын орнатсаңыз өте қажет. 

Massaget.kz \ Коллаж

Көліктің пульті арқылы терезелерді ашып-жабу батырмасы

Кілттегі түймені басып тұрып, терезені басқару жүйесін қосуға болады. Бұл интерьердегі ауаны тазартуға ыңғайлы.

Кабинадағы ауа айналымын реттегіш

Салонды тез жылытуға немесе салқындатуға арналған пайдалы қосымша. Оны барлық жүргізушілер біле бермейді.

Механикалық артқы есікті құлыптау батырмасы

Ол артқы есіктің қуысында орналасқан. Бұл құлып артқы есіктің кездейсоқ ашылуына жол бермейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов