"Қала тегіс мұз айдынға айналған". Орал тұрғыны көшеде сырғанақ тепті

Орал тұрғыны қала көшелерінде сырғанақ теуіп, оны видеоға түсіріп алған , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасар.

Жігіт видеоны TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған және бұған қолданушылардан көптеп пікір жазып жатыр.

"Көптің арманын орындадың", "Менің де осылай істегім келіп кетті" деп жазды қазақстандықтар.

Видео кеше, 3 желтоқсанда түсірілгені жазылған. Автордың айтуынша, көшеде жаңбыр жауып тұрған, ауа райы айтарлықтай салқын болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан