"Фетучини - біздің нан салма". Депутат Руслан Берденов Италия ұннан тағам жасауды ата-бабамыздан үйренгенін айтты

"Фетучини - біздің нан салма". Депутат Руслан Берденов Италия ұннан тағам жасауды ата-бабамыздан үйренгенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Депутат Руслан Берденов "Түнгі студия" бағдарламасында Еуропа мен қазақ тарихына қатысты қызық деректі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Италияға ұннан жасалған тағамдар біздің жерлерімізден жеткен.

"Мен әрқашан айтатынмын, қазір де айтамын. Жалпы өте қызық, Еуропаны қарайтын болсаңыз, ұннан жасалған тамақты тек италиялықтар жейді. Кішкентай Еуропа. Франция олай жемейді, Испания олай жемейді. Пицца, спагетти, фетучини, олар қай жақтан үйренді? Кезінде Марко Поло біздің жерлерімізде болды. Фетучини, былай айтқанда, біздің нан салма. Бір италиялықтарға "сендерге тамақты да, киінуді де біз үйреткенбіз" дедім. Италиялықтар келіп, тамақтарды жеп (жеді - еск.). ХVIII ғасырдың шапаны тұр. Өте жақсы өңделген теріден жасалған, қолмен әшекейленген шапан. Олар соны көріп таңғалды. "Қазақтарда не деген талғам болған? Біз биттеп, құрттап жүрген кезде сендерде осындай шапан киілген бе" деп, өзі де айтты: "мен мойындаймын, шын мәнінде сенің айтып тұрған гипотезаң бәлкім дұрыс, тамақтың да, киімнің де келуі мүмкін" (сендерден келуі мүмкін - еск.) деп өзі мойындады", - дейді депутат.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова