Назарбаев Путинге хат жолдады: онда не айтылғаны белгілі болды

Назарбаев Путинге хат жолдады: онда не айтылғаны белгілі болды
Фото: Айдос Үкібайдың парақшасынан

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдап, кітабын сыйлады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Тұңғыш Президенттің атынан Ресей президенті Владимир Владимирович Путинге беру үшін автордың қолы қойылған "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа" кітабын Дмитрий Сергевич Песковқа табыстадым", - деп жазды Айдос Үкібай.

Сонымен қатар, Айдос Үкібай хатты да жариялаған.

"Өмірім мен үлкен сынақтар, айрықша еңбек, ауқымды жетістіктер кезеңі туралы кітапты қабыл алыңыз. Ол сіз үшін мейірімді әрі шынайы серік болады деп үміттенемін. Сізге және Ресей халқына барлық жақсылықты тілеймін!" - делінген хатта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова