Шымкентте тұрғындарды 56 миллион теңгеге сан соқтырып кеткен әйелге сот үкімі шықты

Шымкентте тұрғындарды 56 миллион теңгеге сан соқтырып кеткен әйелге сот үкімі шықты
Фото: depositphotos.com

Шымкентте 50-ден астамды сан соқтырып кеткен әйелге сот үкімі шықты. Іс материалдарына сәйкес, Түркістан облысы мен Тараз, Шымкент қалаларының 53 тұрғыны алаяқтың құрбаны болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 34 жастағы әйел азаматы жәбірленушілерді электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Ол қарызды төлемеуге болатынын айтып, бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электроника тауарларын алаяқ әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған. Ал жәбірленушілер болса, алаяққа ұрынғанын ай сайынғы төлем туралы ескерту хабарлама келіп түскен кезде бір-ақ білген.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 56 миллион теңгеге жеткен.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сот үкімімен сотталушы әйелге 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан