Алматыда ер адам дәмханадағы көрші үстелде отырған тұрғынды пышақтап кеткен

Алматы полициясы ер адамды пышақтаған күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алатау ауданының полицейлері пышақ жарақатын салды деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тумасын ұстады.

"2 желтоқсанға қараған түні кезекші бөлімге қалалық ауруханалардың бірінен іш қуысында пышақ жарақатымен 27 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушіден сұрақ-жауап алғаннан кейін дәмханалардың бірінде көрші үстелде отырған ер адамдар арасында жанжал болғаны белгілі болды. Соққыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталды. Бұл – 1974 жылы туған Б.есімді азамат. Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Асхат Дәулетияров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз