Әлем елдері долларды пайдаланудан бас тартып жатыр - сарапшы

Қаржыгер Салтанат Санатова жыл соңында әлем елдері доллардан бас тарта бастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, инвесторлар АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемелерді көтеру кезеңінің аяқталуын күткен. Сол себепті олар келесі жылды күтіп, долларлардан белсенді түрде бас тарта бастады.

Шілдеде АҚШ ФРЖ негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 б.п.-ға 5,25-5,5 пайыз деңгейіне дейін көтерді, бұл 2001 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Содан бері бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Осы айда ассет-менеджерлер ашық долларлық позициялардың 1,6 пайызын сатады деп күтіледі, бұл - 2022 жылғы қарашадан бергі ең үлкен шығын.

"Доллар активтерінің осындай ауқымды сатылымы кейінгі жиырма жылдағы әлемдік нарықтардағы үздік-6 оқиғаның қатарына кірді. Долларды сату АҚШ долларының артық салмағының жойылуын көрсетеді, нәтижесінде бұл америкалық валютаның одан әрі әлсіреуіне әкелмек. Қазанда АҚШ-тағы құнсыздану жылдық мәнде 3,2 пайыз болғанын ескере отырып, трейдерлер мөлшерлеменің 2024 жылдың аяғына қарай 1 п.п.-ға төмендеуінің жоғары ықтималдығын болжайды, ал бірінші төмендеу мамырда күтіледі", - деді сарапшы. 

Жасұлан Ордабаев 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!