Жол-көлік оқиғасының алдын алатын жүргізушілерге арналған 9 ереже

Жол-көлік оқиғасының алдын алатын жүргізушілерге арналған 9 ереже
Фото: pixabay

Жолдағы қауіпсіздік тек жол қозғалысы ережелеріне қатысты емес. Мұндай апаттарды болдырмауға арналған қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар шаралар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Жылдамдықты асырмау

Апаттың басты себебі жылдамдықты шамадан тыс асырудан туындайтыны жасырын емес. Сарапшылар әрқашан жолдағы рұқсат етілген жылдамдық межесінен асырмауға, жүйтку кезінде ауа-райына және қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін басқа факторларға бейімделуге шақырады.   

Қауіпсіз қашықтықты ұстау

Өз көліктермен арадағы қауіпсіз қашықтықты сақтау жол қауіпсіздігінің маңызды элементі болып табылады. Арақашықтықты сақтай отырып сіз күтпеген жағдайларда оң шешім қабылдап үлгере аласыз. 

Қауіпсіз нұсқада қоңырау шалыңыз

Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану жүргізушілерді жолдың атмосферасынан алшақтатудың негізгі себептерінің бірі. Апаттардың алдын алу үшін көлікте құлаққапты немесе динамик жүйесін пайдалану керек. Сонымен қатар жүргізушіге мәтіндік хабарламаны жіберуге болмайды. Өйткен бұл әрекет сізді қатты алаңдатады.

Автокөлікті үнемі тексерістен өткізу

Автокөлікке үнемі техникалық қызмет көрсету - бұл жол қауіпсіздігінің негізгі аспектісі.Тежегіш, жарықшамдар және тежегіш жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Көліктің техникалық жағдайы сіздің қауіпсіздігіңізге және басқа қозғалыс мүшелерінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Ауа райын ескеру

Ауа-райының жолдағы ықтимал өзгерістерін ескеру маңызды. Барар алдында күн райының болжамын қадағалаңыз. Жаңбыр, қар, тұман немесе көктайғақ трассаны толық бағамдауға кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті қолайсыз ауа-райына өзіңізді іштей бейімдеп жолға шыққан абзал. 

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерден сақ болыңыз

Әдеттегі жол қозғалысы кезінде бұлардың әрекетін бағамдау мүмкін емес. Бұрын екі аяқты көлікті елдің бәрі мініп, мапедтерді бақылау мүмкін болмай кетіп еді. Енді барлығына бірдей жүргізуші куәлігін міндеттеу жолға қойылды. Алайда бұл апаттың алдын алады дегенді білдірмейді. Сондықтан жүргізушілер қағілез болуы шарт. Ал жаяу жүргінші белгісін көзден таса жібермеуге тырысыңыз. Мұның салдары адам өміріне әкеліп соқтыруы ықтимал. 

Жаңа ережелерге бейімделу

Жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін үнемі жаңартып отыруы, жаңадан шыққан ережелерге бейімделуі  жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі. Бұл жүргізушілерге жаңа қауіпсіздік талаптарын қабылдауға және қолдануға мүмкіндік береді.

Алкогольддан аулақ болу

Көлік жүргізу кезінде Алкоголь ішудің аяғы сіз ойламаған апатқа алып келуі мүмкін. Алкогольді ішу сіздің рефлекстеріңізді және тез шешім қабылдау қабілетіңізді айтарлықтай нашарлатады. 

Күтпеген жағдайлар

Жол үстінде оқиғаның сюжеті лезде өзгеруі мүмкін. Жүргізуші жол бойында жүретін жаяу жүргіншіні бағамдай алмай қалуы мүмкін. Жол қателікті кешірмейтінін естен шығармаңыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов