"5 жұлдызды қонақүй". Ерке Есмахан жатқан перзентхананың құны белгілі болды

Танымал әншілер RaiM мен Ерке Есмахан жақында ғана сәбилі болған еді. Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында перзентхана туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші перзентханада ұжымына алғыс білдірді. 

"Тазалықты, әдемілікті, жайлылықты жаным сүйеді. Перзентханада өзім мен баламның көңілі үшін палатамды да өзім жабдықтадым. 5 жұлдызды қонақүйде жатқандай болдық. Енді бұйырса, қызды босануға келемін", - деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, бұл перзентханада VIP қызмет құны - 462 мың тенге. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!