Мына 3 дәмдеуіш асқазан мен бүйрек жұмысына зиян тигізеді

Дәрігер-гастроэнтеролог, эндокринолог Диляра Лебедева Telegram арнасында асқазан мен бүйрекке зиян келтіретін дәмдеуіштің үш түрін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман мәліметінше, асқазан мен бүйрекке зиян келтіретін дәмдеуіштердің тізіміне розмарин, қызыл бұрыш және қалампыр кіреді. Неге?

1. Розмарин

Бұл хош иісті дәмдеуіш бүйрек жұмысына кері әсер етеді. Сонымен қатар, розмаринді  жатырдың жиырылуын күшейту қабілеті мен зәр шығаруды жиілететін әсеріне байланысты жүкті әйелдер тұтынбағаны абзал. Бұдан бөлек бұл дәмдеуіш жоғары қан қысымы мен асқазанында жарасы бар адамдарға зиян. 

2. Қызыл бұрыш

Қызыл бұрышты асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауыратын адамдарға мүлде тұтынуға болмайды. Сондай-ақ, оның қан қысымын көтеретін қасиеті бар болғандықтан, гипертониядан зардап шегетіндер де жейтін тағамдарына қоспауы керек. Қызыл бұрыштың тағы бір үлкен зияны, ол аштық гармоны грелиннің өндірісін тездетеді, салдарынан адам көп тамақ жеп, артық салмақ қосуы мүмкін.

3. Қалампыр

Дәрігердің айтуынша, бұл дәмдеуішті тұтынуға асқазаны ауыратын, әсіресе жарасы бар адамдарға тыйым салынған. Себебі қалампыр ауруды асқындырып жіберуі мүмкін. Оған қоса, дайындаған тағамыңызға қалампырдың көп мөлшерін үнемі қосу ұйқышылдық пен апатияға әкеп соқтыруы мүмкін. 

Ең пайдалы дәмдеуіш

Диляра Лебедева сөзінше, пайдалы дәмдеуіштің тізіміне куркума кіреді. Гастроэнтеролог бұл сөзіне дәлел ретінде куркуманың 8 пайдалы қасиетін айтты.

  • Қабынуға қарсы әсер етеді;
  • Холеретикалық әсері бар;
  • Онкологиялық ауруларға шалдығудың алдын алуға көмектеседі;
  • Асқазан-ішек жолына пайдалы әсер етеді, асқазанның жұмысы мен өт түзілуін ынталандырады;
  • Құрамында темір, калий, фосфор, йод, сондай-ақ В, Е, К және С дәрумендері сияқты көптеген пайдалы зат бар;
  • суық тиген кезде аурудан айығуға көмектеседі;
  • қалқанша безінің жұмысын жақсартады;
  • оның дәмі тым өткір болмағандықтан, әртүрлі тағамға қосуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін қалампырды дәмдеуіш ретінде қолданудың 5 себебі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тіс дәрігеріне жылына неше рет қаралу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!