"Ол не істегенін жақсы түсінеді". Психолог 10 адамды өлтірген Күлекбаевқа сипаттама жасады

Алматыда 10 адамды өлтірген Руслан Күлекбаевқа психолог Лола Шакимова сипаттама жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

"Руслан Күлекбаевтың суреттеріне, оның бейнежазбаларына қарасақ, оның қаншалық суық, дұшпандық көзқарасы байқалады. Дене және арқа бұлшықеттерінің тырысып тұрғанын сондай-ақ көз және қабай аймағында артық күш түсіру белгілері бар. Бірақ көздерінің күшірейген қарашықтарына назар аударыңыз. Көз қарашықтарының тарылуы қалыптасқан жағдайдағы факторды азайтуды көрсетеді. Яғни адам өзінің дұшпандық агрессивтілік және наразылық мінез-құлқының жасырын белгілерін білдірмеуге тырысады. 

Адам теріс нәтижелерге тап болады, бұл жағдайда жағымсыз агрессияның әсері көп. Агрессия күйін жеңілдету үшін ол әрқашан басқа адамды осы наразылық күйін өзгерте алатын өзге тұлғаларды табуға тырысады", - дейді Лола Шакимова. 

Фото: КТК скрині

Психолог қазір Күлекбаев аласұру күйде екенін айтады. 

"Ол не істегенін жақсы түсінеді. Ол істеген ісіне өкінеді. Бұл түсінікті. Деструктивті діни сананың белгілері бар кез келген адам үшін адамды өлтіру харам. Бұл ешбір дінде рұқсат берілмейді. Жаман дін жоқ, жаман адам бар", - дейді психолог.  

"Адасып кеттім". Алматыда 10 адамды өлтірген Күлекбаев жан азабын жайып салды

Еске салайық, 7 жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды атып кеткен болатын. Көбінесе олар полиция қызметкерлері болды. Күлекбаев мүлкін тәркілеумен өлім жазасына кесілген болатын. Кейін өлім жазасына мораторий жарияланғанына байланысты Руслан Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!