Екі қостанайлық TikTok-тағы видеолары үшін жазаланды

Қостанай облысының тұрғындары TikTok-тағы видеолары үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысында заңсыз балық аулау фактілері анықталды. Барлығы - 160 әкімшілік іс қозғалып, 2 725 500 теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Балық шаруашылығы инспекциясының 11 айдағы жұмыстың қорытындысында белгілі болды.

Уылдырық шашу кезеңінде рұқсат беру құжаттарының болмауы бөлігінде немесе жыл бойы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу аймақтарында әуесқойлық және кәсіптік балық аулау ережелерінің талаптары бұзылған.

"Атап айтқанда, тыйым салынған құралдарды қолдана отырып, "Халвай" уылдырық шашу учаскесінде заңсыз балық аулау әрекеті анықталды", - дейді Балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Дәуіт Тәжібаев. 

Әлеуметтік желіні мониторинг жасау кезінде де бірнеше заңбұзу анықталған. Оның ішінде, облыстың екі тұрғыны TikTok-тағы видео үшін жазаланды. Олар заңсыз балық аулаған. Тұрғындарға 34 500 теңге айыппұл салынған.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!